ТҮСІНІКТІ

lat: TÚSİNİKTİ

сын. 1. Белгілі, анық, айқын.

Сабақ оқушыларға өте түсінікті де қызық өтті («Қазақст. мект.»).

Түсінікті уақыттың тез өтпегі,

Тез өтті деп кәрі-жас безектеді.

Сағатына қараған секунд сайын

Сұлуды сен көрдің бе кезектегі! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

Түсінікті нәрсені түсіндіре беруден де жалығады кісі (Р.Тоқтаров, Тұлпар.).

2. Түсінігі бар, көзі ашық.