ТЫЙЫМ

lat: TYIYM

зат. 1. Тежеу, тоқтам.

Ойбай-ау, қызға қырық үйден тыйым емес пе (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Анау нансоғар деген нан пісіргіш

Ойында түк жоқ пырылдап жатыр.

Ау, енді бұған не шара?

Бұған қандай тыйым бар (С.Кенжахметов, Қуырдақ).

Тілге тыйым болса да,

Көзді ешкім тыймайды.

Кірпікке ұйқы қонса да,

Елестер жетіп, қинайды (К. Салықов, Жезкиік.).

2. мед. Белгілі бір сенімге байланысты рұқсат етілмеген іс-әрекет.

...Орман, тау, жазық, аң иелеріне арнау-арбау оқымаса, олардың қаһарына ілінуі, түрлі аурулардың иелеріне бағышталған дұға, арбауларды білмей қалса, өлімге ұшырауы, түрлі тыйымдар ішінен бірін білмей қалса, тағы да толып жатқан қауіп-қатерге қалуы мүмкін деп ойлаған (Е.Тұрсынов).

Тыйым жаман, жағымсыз істен аулақ болуды талап ету. Тыйым тәрбиенің басты тірегі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Кейде тыйым жазалаудың бір түрі болып табылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).