ТІГУЛІ

lat: TİGÝLİ

сын. 1. Киюге дайын етіп тігілген.

Бәтима үйдің бұрышына барып, іргеден тігулі дайын екі шолақ тонды алып, Амангелдінің алдына тастады (М.Жұмағалиев, Қыран.).

Тігулі көйлек пен шапандарды көріп, бала бәрін үстіне кигендей болды (Қ.Әбдіқадыров, Әңгім.).

2. Тігілулі, қондырулы (үй, шатыр).

Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми?

Айдаған мал, үстіңде тігулі үй.

Қиямет таразысы құрған шақта

Айса, Ермек, Тортай болады би (М.Жұмабаев, Шығ.).

Меруерт пен Айжан далаға шыққандарында тігулі тұрған өздерінің ескі киіз үйін көрді (I.Есенберлин, Көлеңке.).

Жылқыға келсе, жылқының ішінде тігулі қара қос тұр (Қаз. ертег.).

3. Қаттап тіккен, тіркеулі.

Мағлұматтар аудандағы, облыстағы, республикадағы беделді жуан папкаларда тігулі тұр (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).

Оның жеке басына байланысты қағаздар тігулі жатқан папканы алдырып қарағанда, оның Қопалы деген жерде туып-өскенін білді (Ө.Қанахин, Бақыт.).