ТІЛМАШ

lat: TİLMASH

зат.1. Бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударатын адам.

Күндерде бір күн бір тілмаш,

Қужаңдаған қу тілмаш.

Қағаздарын ақтарды

Тымақты тысқа лақтырды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Сөйтіп қырық жыл бұрын Сырдария губернаторының кеңсесіне тілмаш болып кірген Әбубәкір қырық жыл бойына жапанда қазақ-қырғыз елі мен орыс һәм Европа арасына адал тілмаш болған (М.Жұмабаев, Шығ.).

Тіл тілмаш, ақыл уәзір, көңіл сұлтан,

Нәпсі тақ, кеуде сарай, жалғасы тән.

Қол жендет, көз қарауыл, құлақ тыңшы,

Аяқ құл, мұрын дәрігер, шамшырақ жан (Мерді дихан).

2. Хатшы, іс жүргізуші адам.

Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой (Абай, Тол. жин.).

Сөзің шын болса, «Әділ жолдастарымен ауылымды шауып, қарындасымды тартып әкетті», деп, тілмашқа протокол жазғызбайсың ба? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).