ТІЛШІ

lat: TİLSHİ

зат.1. Белгілі бір халық тілін зерттейтін ғалым, тіл білімінің маманы.

Тарихшылар Отанның тарихын,тілшілер сол елдің сөйлейтін тілін, географтар табиғатын үйретеді (К.Қазыбаев, Дәуір.).

Лейбниц математик, физик, юрист, экономист, геолог, психолог, тілші және тарихшы болған («Лен. жас.»).

2. Редакцияның тапсырмасымен газетке мақала, хат, хабар жазып тұратын тұрақты қызметкер, меншікті тілші.

Тілші, хабаршы газета отыны (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Білгің келсе оны айтуға болады саған: мен Москва газетінің тілшісімін (Ә.Нұршайықов, Батыр.).

Осы отырған жаман ініңіз аудандық «Озат күрішші» газетінің арнаулы тілшісі(О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).