ТІЛШІК

lat: TİLSHİK

зат.1.анат.Көмейдің үстінде, жұмсақ таңдайдың артқы жағындағы бөлігі, кішкене тіл.

Көмейдің үстінде тұрған тілшік тамақты жұтқанда, жылжымалы нервтің әсерінен көмекейді жауып қалады (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).

Жұту кезінде жұмсақ таңдайдың, әдетте, тілшік деп аталатын артқы бөлігі жоғары көтеріледі (Адам анатом.).

2.егіншар. Өсімдік жапырағына жанаса бітетін жарғақты өскін.

Тілшік астық тұқымдас өсімдіктерде кездеседі (Х.Тілемісов,.. Ауыл шар. сөздігі).