ТІС

lat: TİS

зат.

1. Тамақты, шөпті шайнауға немесе тістеп үзуге бейімделген, ауыз қуысындагы қатар тізілген сүйек мүше.

Ашуланып қалмақтың

Түгі шықты сыртына;

Тістегенде тісінің

Қаны толды ұртына;

Көз шыдап қарап тұрмастай

Қарағанда сұрқына (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Қара көзің-ау сүзілген,

Қыпша белің-ау үзілген!

Ауыздағы отызтіс ақ маржандай тізілген.

О, Қаракөз, қалды-ау кейін!

О, шіркін, уайым жедім-ай! (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Қашыр-құшыр шайнайтын қайран тісім,

Тіс кеткен соң кетті ғой менің күшім,

Кесек-кесек турайды, өзі жейді,

Жаны ашиды деп сенген жақын кісім (Шал ақын, Өлеңд.).

Шашың қара, денең ақ бұлт,жүзің Ай,

Тісің меруертөзің сәулем, құралай.

Ләззат, рақат, бақыт бәрі қойнында,

Сұраймын енді жұмақ жақсы жай! (М.Жұмабаев, Шығ.).

Азайып күшің, Саудырап тісің, Шалбардай болып бет кетсе, От басын бермей, Үй үшін көрмей, Сүйегің қалып, ет кетсе, Тізеңді бүгіп ие алмай, Киімің жөндеп кие алмай… (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

2.ауыс. Ауыл-шаруашылық сайман, техникалардың жүзі, тарақтың ұшы. Шалғының т і с і тасқа тиіп, от жарқылдады (М.Тиесов, Дала.).

Рудаға экскаватордың тісі жаңадан тиген болатын (Ш.Мұртазаев, Қара маржан).

Соқаның пышағы, тырманыңтісі сынса «Қазлеске» шабасыңдар (Б.Дәулетбаев, Сүмбілшаш).

Жұмылды мынау іске барлық халық, Жететін арық тартты атпен талып, Тіспен жыртып, кетпенмен майдалаған Атыз, тап айда бітті аяқталып (О.Шипин, Дастан.).

Сырты алтын,тісі күміс тарағыңның, Кірі жоқ ақ торғындай тамағыңның. Сағынып қыз дауысын жүргенімде, Бір кезі келіп қалды-ау қарағымның (Ә.Найманбаев, Шығ.).

3. ауыс. Өмірдің қиындығы, азабы, зардабы. Батпасын ешқашанда уақыт тісі, Зухрам бақыттының бақыттысы. Екеуің қол ұстасып жүз жасаңдар, Кетпесін бастарыңнан бақыт құсы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).