УЫСТА

lat: ÝYSTA

ет. Уысына толтыру, уысын толтырып ұстау.

Хакім жерден топырақ алып барды, 

Бір уыстап сүйекке шаша шалды.

Ана басы сылқ етіп жерге түсіп, 

Сүйек басы жоғары шығып қалды (Абай, Тол. жин.).

Ырыс-табаққа жабылып,

Уыстап асайтындарды.

Ақ ұрандарды жамылып, 

Айуандық жасайтындарды (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).