ҰЖЫМ

lat: UJYM

зат. 1. Адамдардың ұжымдасқан белгілі бір тобы, ұйымы.

Өздерінің төл мерекесіне Кеден басқармасының ұжымы мен шекарашылар лайықты табыстармен келіп отыр деп толық (?).

Жер екен бек тамаша Еренбағы,

Ағашқа қалдым қайран бақшадағы.

Ғаламат ұжымақтың мысалы екен,

Жерінің нағыз хандар топырағы (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. Ауызбірлік, ұйымшылдық, ынтымақ.

Өмірді қызықты ететін, ұжымы жарасқан көңілдерді айтсайшы, шіркін! (Ж.Еділбаев, Тергеуші.).

Қадам дарың құтты, ұжымдарың күшті болсын! (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).

Жігіттер бар жетілген,

Орыс, қазақ ұжым боп,

Тізе қосып бекінген (Жамбыл, Шығ. жин.).

Леонид Ильичтің «Қайта өрлеу» атты еңбегі, міне, сол соғыс сұрапылы ойрандап кеткен халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі совет халқының ұжымына арналды (Ғ.Мүсірепов, Самғар биік.).