ҰЙЫМШЫЛ

lat: UIYMSHYL

сын. Ынтымақшыл, ауызбірлігі күшті.

Бақыт қайда барасың?

Көршімен болған бірлігі,

Тағат, ғибат тірлігі

Ұйымшыл елге барамын (Қабан жырау. Алтын қазық).

Семьяда қандай тату-тәтті, ұйымшыл болса, сол бір ізгі қасиет жұмысқа да ере кепті (К.Қазыбаев, Дәуір.).

Ұйымшыл, ұраншыл,

Мейірімшіл, қоғамшыл,

Кіршіксіз, ақ жүрек,

Біздер шын тазасы (I.Жансүгіров, Шығ.).