ҰСТАМДЫ

lat: USTAMDY

сын. Байыпты, байсалды, сабырлы.

Анастасия Иванованың бір байқағаны: алғашқы күндері ашық-жарқын көрінген Гуля күннен күнге ұяң тартып жуасып барады да, алғаш ұстамды салиқалы көрінген Рая нағыз тентектің өзі болып шықты (Ә.Тарази, Тас жарған.).

Жаманшылықты өмірінде көп көріп, көндіккен ұстамды Балқия саспады (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек.).

Жайшылықта сөзге сараң, ұстамды Кенесары кенет бұлқан-талқан болып ашулана қалды (І.Есенберлин, Қаһар.).

Татар халқының қызы шәкірттерін қазақ тілін қастерлеуге ғана баулымай, биязы, ұстамды мінезімен бізді сондай қылықтылыққа да еліктірді (М.Әлімбаев, Көңіл күнделігінен.).