ҰСТАМДЫҚ

lat: USTAMDYQ

зат. сөйл. 1. Ұстамдылық.

Өзімде жоқ мінездерді ұстамдықты, сабырлылықты соның бойынан көрген соң ойланбадым (Т.Әбдіков, Ақиқат).

Мас болған адамда ұстамдық қала ма, ол әйелдің де қойнына барады, жеті жасар баласын да өлтіреді (І.Есенберлин, Алтын құс.).

Тек жүрекке ерік бергің келеді.

Таусылмайды сол жүректің керегі,

Тыйым салып, төзім тауып,

Ақылым ұрындырмай

Ұстамдықпен тежеді («Қаз. әдеб.»).

2. Беріктік, мықтылық.

Шұбар талдан кескен таяқтың ұстамдығы айбалтаға ұқсайды (Т.Әлімқұлов, Сейтек).