ҰСЫНЫС

lat: USYNYS

1 зат. Нақтылы тілек, тұжырымды пікір.

Бөлекбайдың бұл ұсынысы қасындағы Шақшайға да, Сатанға да ақыл сияқтанды (І.Жансүгіров, Шығ.).

Тағы қандай ұсыныс, нұсқау болса айтыңдар. Күңкілді қойып, бірігіп, көшті ілгері тартыңдар (Б.Майлин, Шығ.).

Бір жарым жыл аралығында Парламенттің бұл құрамы Президенттің ұсынысымен көптеген жаңа заңдар қабылдады («Егемен Қазақстан»).

Катаринский арқылы қазақ мектептерін басқаратын инспектордың көмекшісі болып қызмет ет деген ұсыныс алдым, деп жазды Ыбырай Ильминскийге (Ж.Молдағалиев, Таза бұлақ).

Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді (ҚР Конституциясы).

Сол үшін келген едім атым Шынар,

Тыңдауға өнерпазды халық құмар.

Кененді біздер жаққа жіберсін деп,

Ұсыныс көп әйелдің сұрауы бар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).