lat: UıalshaqTA
ет. Именіп қысылу, біреуге батып, ойындағысын айта алмау.
Есік ашылып, ұялшақтап, қысылып қымтырылып төменгі курстың екі студенті кірді (О.Сәрсенбаев, Сағым.).
Айымжан апа, тиірмендеріңізге бір тостаған бидай үгіп алайыншы, – деді қыз төргі үйдің босағасынан аттамай, қырындаңқырап, ұялшақтаңқырап тұрып (З.Ақышев, Ақбел асуы.).
Қыз-келіншектер оның кімді шақырғанын білмей, өзді-өзіне қарасып, ұялшақтап кейінге шегіне берді (А. Сатаев, Дала.).