ҮЙІМ

lat: ÚIİM

з а т. Үйілген, жиналған зат. Жабу мен екі қап бір ү й і м тезектің жел жағына ғана жетті (Ж.Нәжімеденов, Ақшағыл). Көз ұшында көк бұйда жусан арасында үш ү й і м тезектей болып, үш елшінің қарасы қалып барады екен (Д. Досжанов, Жібек.). Балаға нағыз қолайлы ойыншық бір ү й і м құм деген пір педагогтің сөзі дұрыс сөз (Қ.Жұмабаев, Шығ.).