ҮЛЕСТІРУ

lat: ÚLESTİRÝ

Үлестір етістігінің қимыл атауы; таратып беру.

Хат үлестіру қуаныш үлестірумен бірдей (С. Еркебаев, Жолдар)

Бәйге үлестіру үшін қалың жиын топталып, ортасынан алаң жасап, дөңгелей отырып тұру сияқты қатар түзеу керек болды (М.Әуезов, Индия очерктері)

Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый (наград) беру, үлестіру тіпті дұрыс емес (М.Жұмабаев, Шығ.)