ҮЛЕСТІРУШІ

lat: ÚLESTİRÝSHİ

зат. Таратушы, бөліп беруші.

Хат үлестіруші оның фамилиясын екінші рет атады (Қоғамдық тәртіп.)

Тұрғындар тізімін үлестірушінің қолына беріп, жан басына екі-үш литрден артық босатпа, деп қойса, дұрыс бола ма? (Қ.Исабаев, Өрде.)

Бөжей мынау екеуін құр тыңдаумен отыр еді. Енді ыза болғандай бұрыла берді де: Е,е, сыбаға үлестіруші сен екеуің болсаң, айтарсың деп қолын сілікті (М.Әуезов, Абай жолы)