ҮСКІРІК

lat: ÚSKİRİK

1 зат. Бет қаратпайтын суық жел, аяз.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы үскірік, Аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды (Абай. Тол. жин.).

«Тфу!» десең түкірік жерге түспейтін ақпанның қақаған аязды үскірігі (С.Жүнісов, Өшп. із.). 

Қыстың сақырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын, қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған шуақта, балбыраған жасыл шөпте жан-жануардың бәрі рахат тауып, жаны қандай жайланды (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Қыс түсті, аяз, үскірік,

Көк мұздай бұлтсыз аспаны.

Отарда жатқан жылқыдан

Арық та келе бастады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес (М.Дулатов, Шығ.).