ҮШІР

lat: ÚSHİR

зат. діни. Жерден өндірілетін өнімге, саудадан түскен қаржыдан салынатын онның бір бөлігіндей алым, салық.

Егістік жерлері мол жер иелері үшірді жалдамалардан алатын салықтың айырмасы арқылы төледі (Ислам энц.).

Ол егіншілікпен айналысатын аудандардан үшір өндірілген астықтың оннан бірін алып тұрды (ҚазССР тарихы).

Ал үшір салығы жайында, осыншама әскерді асырау үшін, әр егіншінің жылда алатын бидайының оннан бірін хандықтың қоймасына құйылсын деп шешті жиналғандар (I.Есенберлин, Қаһар).