ФОБИЯ

lat: Fobıa

[грек. phobos] зат. филос. Негізсіз, яғни нақты үрей тудыратын жағдайсыз пайда болатын қорқыныш түрлері.

Фобия түрлері көп. Мысалы, ашық кеңістік фобия (алаң, парк, үлкен дүкен алдындағы қорқыныш); жабық кеңістік (лифт, тар бөлме, вагон іші т,б,); биіктік фобия (жоғары этаждардан қорқу, биік жерлерден төмен қарай алмау т.б.), зоофобия т.б. (Мәд.-филос. энц. сөздік).

Фобия көбінде психикалық ауру, невроз, дене және ой жұмысынан шаршап-шалдығу, стресс нәтижесінде пайда болады. Көп жағдайда фобияға жігерсіз, естен, көңілден кетпес жалықтырғыш көңіл күйлерге берілгіш көңілшек адамдар ұшырайды (Мәд.-филос. энц. сөздік).