ХАТШЫ

lat: HATSHY

зат. тар. 1. Партия, комсомол комитетінің және олардың бастауыш ұйымдарының хатшысы.

Үкімет қаулысын оқу үшін обком хатшысы ортаға шығып сөз алғанда ғана Бекбауыл демін ішіне тартып, құлағын тосты (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).

Сол ауылға барып келуді созып кеттің-ау, деп райком хатшысы маған екі рет ескертіп еді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).

Аудандық комсомол комитеті хатшысының «ертең келемін» жүргенінде, арада үш-төрт күн өтіп кетті (С.Омаров, Хантағы.).

2. Белгілі бір мекеменің іс қағаздарын жүргізуші қызметкер, сондай-ақ, жиналыстарда мәжіліс барысын жазып отыруға белгіленген адам.

Президент қоңыраудың тетігін басып, хатшы қызды шақырып алып, қысқа ғана бірдеме айтты (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Соның ішінде менің Сатылған ағайым да бар. Ол бұл кезде прокуратурада хатшы болып істейді (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).

Қарағым, хатшы, протоколыңа осылай деп жазып қой, деп столдың шетін ала отырған колхоз секретарына бір бұрылып қойып, сөзін жалғастыра берді (Б.Тоқтаров, Қыран.).