ШАБАНДОЗДЫҚ

lat: SHABANDOZDYQ

зат. Бәйге атына мінуге шеберлік.

Ат құлағында ойнайтын шабандоздығын қайтерсің (Н.Мұраталиев, Үміт).

Ыбыштың атұмарлығы мен шабандоздығына әкем қашан да разы (Д.Исабеков, Мазасыз күн).

Аманкелді оларды аң аулауға, мылтық атуға, ат құлағында ойнайтын шабандоздыққа үйретті («Білім және еңбек»).