ШАҚЫРУШЫ

lat: SHAQYRÝSHY

зат. 1. Тойға, жиынға, қонаққа шақырып келуші.

Ыза боп шақырушы қайта шапты,

Кежір кедей екен деп жамандапты.

Қарсы айтса, басын кесіп алмақ болып,

Қойшыны бәрі келіп қамап апты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Көрші ауылдан тойға шақырушы бала келді (А.Әлсеров, Ауыл.).

2. Келтіруші, кел деуші.

Бастық деп қолпаштап қонаққа шақырушылар көп (К.Қазыбаев, Аманат).