ШАҚЫРЫМ

lat: SHAQYRYM

зат. Бір мың метрге тең қашықтық өлшемі; километр.

Жарты шақырым шыққанша көсіле алмай, құйрығын көтеріп, шырқылдата берді (Ж.Аймауытов, Қартқожа).

Бетбақтың шөл даласы елу мың шақырым орын алып жатыр (М.Дулатов, Шығ.).

Біздің ауылдан қалаға жақындағанда отыз шақырым жерде ел жоқ (Т.Ахтанов, Шырағың.).

Айылын тартып атының,

Аттанды бірге Арман да.

Арасы екі шақырым

Баруға қайтып сол маңға (М.Мақатаев, Шығ.).