ШАҚЫРЫМДЫҚ

lat: SHAQYRYMDYQ

сын. Шақырымға лайық, шақырымдай.

Оралымы он шақырымдық жерге екі ат көбіктеніп, қарқындап қапты (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Содан бергі жиырма шақырымдық аралықта тағы да жаяу жүріп келе жатыр (Ж.Тұрлыбаев, Телқоңыр).

Бұлар отыз шақырымдық тау етегіндегі шахтерлер қаласына тартты (Б.Тоқтасынов, Екі жүз.).