ШАҢЫРАҚ

lat: SHAŃYRAQ

1зат.1.этн.Киіз үйдің уықтарын біріктіріп ұстап тұратын күлдіреуіштері бар дөңгелек шеңбер.

Шаңырақ самырсын, қайың немесе талдан жасалынады.Оны үйдің шанағына қарай ықшамдап, шеңбер түрінде иіп, ішкі жағын жұқарта жонып жасайды (ҚҰЭ).

2.ауыс. Өзінің туған тұрғын үйі.

Ұлдың жөні басқа ғой, шаңыраққа ие болады (Н.Ғабдуллин, Сар, жапырақ). Е

3.ауыс. Орда, мекен.

Бағзы көңіл қуаныш шаңырағы Бос қыстаудай құлазып қаңырады. 

4.ауыс. Әулет, үрім-бұтақ

Менің де шаңырағым өркендеулі, Өткеріп келем қызық көктемдерді.

5.ауыс. Отбасы, жанұя.

Машинаға қой-қозыша жамырап,

Барлығына барлығы ұнап, бәрі ұнап,

Кіріп жатыр төсек шәйнек, кілем боп,

Құтты орынға сексен бірдей шаңырақ (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).