ШАРАСЫЗ

lat: SHARASYZ

сын. 1. Істер амалы жоқ, амалсыз, лажсыз.

Ойыны ма бұл иттің, шыны ма деп,

Ашуы кеп бұл жолғы, мұны да көп.

Шам жалыны шарасыз, шайқатылып,

Өзі ұрады өз басын шыныға кеп (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).

«Сәл сабыр ет, қазір, қазір ертіп келем дәрігер!»

Ал бейтаныс жігіт айтты: «Жоқ, болмаңыз әбігер,

Айналаңыз қаптаған жау, қолға түсіп қаласыз».

«Өлген жеңіл, деді Қайсар, отырғаннан шарасыз» (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. Дәрменсіз адам.

Құлағына екі ұлының даусы жетті шыңғырған,

Санасыз жау шарасызға неге мұнша өшікті? (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Қыз он беске жеткенде мау тартады,

Ата менен енеге жау тартады.

Екі көзі ел көшсе төңіректе,

Шарасыздың күнінен жүк артады (Шал ақын, Өлеңд.).