ШАРАСЫЗДАН

lat: SHARASYZDAN

үст. Амалсыздан, лажсыздан.

Бірде Опрышконың самолетіне оқ тиеді де, шарасыздан жау жеріне қонады (Т.Бигелдинов, Аспан.).

Күрсінді кемпір-шалдың бірі тұрып,

Көзінің жасыменен бетін жуып.

Қыздардай шарасыздан шалға тиген,

Жоқтықтан әкең кеткен жалға жүріп (О.Шипин, Дастан.).

Шарасыздан шатырлап отты көсеп,

Қанша ормандар сұйылып кетті кеше.

Дірілдейді жүрегім әліге дейін,

Жұлдыз зулап төбеңнен өтті десе... (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).