ШАРАСЫЗДАН

lat: SHARASYZDAN

ет. Амалы құру, лажсыздану.

Ол шарасызданып, сөзін қайта бастады (С.Бақбергенов, Мен.).

Қонағым қолжазбасын жинап алды да, шарасыздана тұрып сұрақ қойды (3.Қабдолов, Сыр).

Бұл орынға сенен басқа адам табылмай, шарасызданып отырғанымыз жоқ (К.Зәкенов, Жанартау).

Шарасызданып бас шайқап еді, қамшылар жағында қапдалдасып келе жатқан көлеңкесі діріл қақандай болды («Жалын»).