ШАРАСЫЗДЫҚ

lat: SHARASYZDYQ

зат. Амалы жоқтық, дәрменсіздік, лажсыздық.

Қысылғанда шарасыздықтан гөрі айла істеген жөн емес пе? (С.Бақбергенов, Белгісіз.).

Ақбаланың амалы құрып, басына түскен шарасыздыққа шыдап келе жатқан-ды (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Секең шарасыздық күйде ауылға қайтып келе жатыр (3.Иманбаев, Салма. гүл).