Әдет

lat: Ádet

Ада (араб, адат) исламға дейінгі дәуірден қалған ескі хұқықтық ережелер, сондай-ақ өмірдегі хұқықтық қарым-қатынастардың шариғатта айтылмаған көріністері. Ислам заңгерлерінің еңбектерінде әдет деген ұғым ғұрып (араб, урф) ұғымымен синонимдес. Хұқықтары шариғат заңдылықтарының жасалуына үлкен әсер еткен Мекке. Медине және оған жақын жерлердегі тұрғындар үшін маңызы зор болып табылады.

Мұсылман әлемінің басқа жерлерінде әдет шариғат заңдылықтарынан тыс қолданылады. Бұл, біріншіден, ислам діні әбден сіңбеген, шариғат үкімдері жоқ немесе әлі беделге ие болмаған жерлерде; екіншіден, ислам діні ерте енгенімен, рулық-тайпалық қатынастан сақталып қалған орталарда; үшіншіден, исламға дейін хұқықтық заңдылықтары жоғары дәрежеде дамыған мемлекеттер құрамында болған, сондықтан олар үйреніп қалған хұқықтық ережелер қалыптасқан жерлерде болады. Әдет ережелері шариғатпен қатар қолданылуы мүмкін.

Іс жүзінде әдет ережелерін еркінше пайдаланатын төрелік сот, оның басты мақсаты екі жақты да келісімге келтіру. Ал, діни сот тек ерекше сәттерде, шариғат жолына қайшы келмеген жағдайда әдет-ғұрыпқа сүйене алады.