ШАТҚАЛАҢ

lat: SHATQALAŃ

зат. 1. Жүруі қиын таулы жер, шатқал.

Шатқалаңы көп биікке шығуды ойлаған жас альпиниске ұқсадым (Қ.Жұмалиев, Жасаң жан.).

2. ауыс. Қиыншылық, азап, әлек.

Өмірдің осынау бір қисық жолы талай рет басын жарға ұрғанын, нелер шатқалаңға түсіретінін ол ойламады (I.Есенберлин, Қатерлі.).