ЖҰМА

lat: JUMA

Мұсылмандардың мереке күні, кәмелетке толғандар, дені сау, қолы бос мұсылмандардың міндетті түрде мешітке жиналып, жұма намаз оқып, уағыз тыңдайтын күні. Мұсылмандар жиналатын айрықша күннің пайда болуын Мұхаммед пайғамбар өмірінің Мединеде өткен кезеңінде жатқызуға болады. Ішінара яһудилер өмір сүретін Мединеде жұма яһудилердің мерекелік күні деп есептелетін сенбінің қарсаңы. Намазға жиналуды жұма күні өткізу саудаға қатысты мүддесі мен діни міндетін үйлестіре жүргізетін мұсылмандардың басым көпшілігінің оған қатысуына мүмкіндік жасалды. Мұның өзі бір жағынан бұқара халық жиналған жерде Мұхаммедтің үндеу тастауына, исламды насихаттауға ықпал етті.

Жұма намазы үшін мешітке бару әрбір мұсылманның міндеті саналды. Жұма намазға жиналу нәтижесінде Құдайға құлшылық етуге жиналатын көпшілікті қабылдауға лайықталған арнайы мешіттер пайда болды.

Жұма намазы қарсаңында азан шақырылады. Мұнан кейін екі рәкғат тұратын құтбан намазы, екі рәкғат тұратын және бір намаз оқылады. Қазіргі кезде мұсылман елдерінің көпшілігінде жұма ресми түрде демалыс күні деп танылған.