ШАШТАРАЗ

lat: SHASHTARAZ

зат. 1. Шаш қырықтырып, сақал-мұрт алдыратын орын.

Айтқұл шаштаразға барып, сақал-мұртын алдыруды ойлады (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).

2. Осы мамандықты кәсіп еткен адам.

Ел айтқанда шын айтты.

Көрген сол шаштаразды

Онан басқа кім айтты?!

Қайсысының болса да

Тексерді, сыры ашылды.

Шаштаразы мойындап,

Дарға басы асылды... (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.).

Сол шаһарда бар еді

Мақтаулы шаштаразы,

Әдеттенген өнері

Күн көрістің қарызы (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.).

Шаштаразы асқан ғой,

Асқанға тосқантап болды.

Ойылған әлгі шұңқырға

Бір топ құрақ шығады (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.).