ШАЯН

lat: Shaıan

зат. Көп аяқты, денесі бунақ-бунақ улы жәндік.

Мақұлық, жан-жануар, шаяны бар,

Болғанда бірі семіз, береуі арық.

Біреуіне біреуін ұқсатпастан,

Тәфуатымен жаратқан жаббар халық (Қабан жырау, Алтын қазық).

Бақа, шаян жайлайды

Көл суалып ортайса.

Жаманға күнің қалады

Асыл зат ерден мал тайса (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).

Көлдің бақа-шаяны,

Суреттер баяғы.

Ерке елік, жүйрік ат,

Жердің өмірбаяны (С.Мәуленов, Алыс кет.).