ШАЯНОТ

lat: Shaıanot

(Аrасеае) зат. бот. Көп жылдық шөптесін, лиана, эпифий, кейде су өсімдіктер тұқымдасы.

Шаяноттың жылы аймақтарға тараған 2000-ға жуық түрінің Қазақстанда 4 туысы, 5 түрі бар (Қаз. тілі термин. Биология).

Шаянот дәрілік, илік, иісті, улы, бояулық, тағамдық өсімдіктер (Қаз. тілі термин. Биология).

Шаяноттың түйнегінде алкалоидтар бар, сондықтан улы болады (ҚҰЭ).