ШЕЖІРЕ

lat: SHEJİRE

зат. 1. Тарихи оқиғаларды жазып отыратын жылнама.

Бұ сөзімнің дұрысын

Шежіреден табады. Жағалбайлы,

Телеу бар Табын деген аға-ды.

Рамазан, Кердері Кереит пенен Тама-ды (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).

 2. [ар. Шаджарат бұтақ, тармақ] ғылым.

Тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре барлық халықтарда кездеседі (ҚҰЭ). 

3. ауыс. Көпті көрген, көп білетін адам.

Шежіре организмнің бойындағы белгі-қасиеттерді оның шығу тегіне қарап зерттеу. Соның негізінде бірнеше буын бойынша мәліметтер жинақталып, шежіре құрастырылады (Қаз. тілі термин. Биология).

Мұрат бір жағынан өткенді білген шежіре болса, екінші жағынан халықтың мұңын, елдің зарын айтатын әлеуметтік ақын (Х.Досмұхамедұлы, Аламан).