ШЕШІМ

lat: SHESHİM

зат.1. Бір нәрсенің түйіні, байлам, тоқтам, қорытынды.

Ол көңілде кептелген сауалдардың шешімін таппай қиналды (О.Сәрсенбаев, Сағым). 

2.құқ. <ағыл. decision> Азаматтық істі талқылау нәтижесінде шығарған соттың актісі (Заңи термин-ң түс. сөзд.).

Соттар шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады (ҚР Конституциясы).