ШӨЛЕЙТ

lat: SHÓLEIT

зат. Ауа райы қуаң, жауын-шашыны аз, ағынды суға тапшы табиғи аймақ.

Қазақстан территориясы орманды дала, шөлейт шөл аймақтарды және тау белдеулерін қамтиды (X.Қыдырбаев, Қазақст. хайуанат.).

Нақтырақ айтқанда, аудан аумағы құмды даламен шектесіп жатқан, жартылай шөлейт жерге айналған Жоламан массивінен басталады («Жас Алаш»).