ШӨП

lat: SHÓP

з а т. Жер бетіне жапасыл болып шығатын көкорай шалғын, балауса; жалпы өсімдік атаулы. Бар болғанмен ол жердің шөбіндей шөп, Мен шабатын жерлердің көбінде жоқ. Тау жайлаған арық ат бір ай қойсаң, Семіруші ед жып-жылтыр көмірдей боп (Ж. Аймауытов, Шығ.). Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда, Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда. Көлбеңдеп көкорайда күрілдетін, Орақшы пішен шауып ш ө п алғанда (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Иісі аңқыған жас ш ө п т і ң үстінде жатырмыз (Т. Ахтанов, Шырағың.). Сарқырап ылдиға аққан судың күші, Самалы қоңыр салқын сайдың іші, Шалғыны көк орайлы белден келіп, Құбылып сағымданар ш ө п т і ң іші (Ақын жырлары). Малы жоқ деп, ерден түңілме, Ш ө б і жоқ деп, жерден түңілме (Қаз. мақал).