ШӨПІЛ

lat: SHÓPİL

з а т. Шөпілдетіп сүйгенде шығатын дыбыс. Біресе ол үздігіп үзіле сүйіскен қыз-бозбала ш ө п і л і н жеткізе жария етеді (Ә.Нұршайықов). Ернім айтар жүзіңе ш ө п і л м е н е н, Қызарғанын қысылып бетім неден. Жалаң қылыш кезімнің өткендігін, Өткір жүзі майрылып кетілмеген (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).