ШҰЛЫҚ

lat: SHULYQ

ет.1. Сіңу, шылану.

Әйтеуір бар білетіні сол тас көшелерде жүруге, тас үйлерде тұруға, смола мен бензин иісі шұлыққан қойыртпақ ауамен тыныс алуға мұның енді дәрмені жоқ (Қ.Жұмаділов, Саржайлау.).

2. Дымқылдану, сулану, шылқу.

Әйтсе де, ұзақ шабыста тізгіні тартылмай, тартпасы шұлықпаған, емін-еркін ентікпеген күйі қамауға түскені қасірет боп байланды (С.Бердіқұлов, Үшінші подъезд.).