ШҮБӘСІЗ

lat: SHÚBÁSİZ

сын. сөйл. Шүбәсыз.

Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын,

Секілді мөлдір бұлақ суы салқын

Болғандай дертке шипа жаны сүйіп,

Шүбәсіз пайдаланар болсын халқың» (М.Дулатов, Шығ.).

Мейірбан перзентімнің мейірі үшін,

Келтіргіл бір қап гауһар, болса імкән.

Шүбәсіз шыным осы, ая, тәліп,

Көңілімде жоқ-ты пікір зәррә пінһән (Шораяқтың Омары).

Енді ойлап отырса, ойлаған сайын сол түнді есіне алған сайын Наймантай екеніне шүбәсіз сенгендей (А.Сейдімбеков, Қыр хикаялары.).