ШЫҒУ

lat: SHYǴÝ

Шық етістігінің қимыл атауы.

1. Мүшеліктен, жұмыстан босану.

Со жаққа көшеміз деп, колхоздан шығуға арызын да беріп қойды (М.Гумеров, Хазірет.).

2. Көтерілу, жоғарылау.

Менің трибунаға шығуым кейбіреулердің ішіне өрт боп тиіп отырғанын білемін (Д.Әбілов, Арман.).

3. Бару, аттану.

Сол жаққа терең бұрғылаумен шығуға мұрындық болғаным да сондықтан (Р.Өтесінов, Алыптың ашылуы.).