ШЫҒУ

lat: SHYǴÝ

[ағыл. exit] инф. Ағымдағы программадан оны іске қосқан жоғары деңгейдегі программаға шығу командасы; орындалып жатқан ағымдағы программадан оны басқарып отырған, яғни іске қосқан операциялық жүйемен байланысқан негізгі программаға ауысу (қайту).

Программадан шығу осы аяқталған программаны орындауды жүзеге асырған негізгі программа жұмысын әрі қарай жалғастырады, ал блок пен циклдан шығу осы программадағы олардан тысқары орналасқан басқа бір операторға өтумен шектеледі (Қаз. тілі термин. Информатика.).