ШЫҒЫС

lat: SHYǴYS

зат.1.геогр. Жер шарының, әлемнің төрт жағының бірі; күн шығатын жақ.

Далада жаңбыр басылған. Шығыстан таң енді-енді саз берген сәт (А.Сатаев, Дала.).

2. Бір нәрсенің шығыс жақ беті; батыс жағына қарама-қарсы жағы.

Бозарғандай шығыс жағы,

Бақаның бітпек пе бір «бақ-бақ-бағы?» (М.Жұмабаев, Шығ.). \

3.ауыс. Жер шарының күн шығысында орналасқан ел, халық.

Ескі шығыс қызығатын

Елге айналды Қазақстан (С.Сеитов, Жаңғырық.).