ШЫҒЫС

lat: SHYǴYS

зат.экон. 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызмет барысында қаражатын (капиталын) азайтатын немесе міндеттемелерін көбейтетін жұмсаған немесе ұстаған шығыны.

Салықтардың бюджетке есепті салықтардан артық төленуі шығыс деп саналады, акционерлерге дивиденд төлеу шығысқа жатпайды (ҚҰЭ).

2. Ешқандай пайдасы жоқ, босқа (тегін) кеткен зат; шығын, зиян.

«Шығыс шықпай, кіріс кірмейді» деген қағиданы мықты ұстаған үй ауылнайдың үйі (М.Тиесов, Әңгім.).