ШЫМШЫМ

lat: SHYMSHYM

зат.1. Белгілі бір затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып алғандағы сыйымдық өлшемі.

Аязда далаға кір жайғыңыз келсе, крахмалға екі-үш шымшым тұз қосыңыз, кірді таза суға шайқарда оған аздап сірке суын құйыңыз (Қазақ календары.). 

2. Титтей.

Кеудесінде жаны, басында шымшым миы бардың бәрі қолынан келгенінше тырбаңдап дүние құрауға тырысады (Ө.Ахметов, Адам болғым келеді.).

3. Бір кесім, кесіп аларлықтай (ет).

Басында шымшым еті жоқ, орақ тұмсығына күмістеген жеңіл жүген жарасып тұратын (С.Бақбергенов, Мен сізді сүйемін.).