ШЫМШЫМА

lat: SHYMSHYMA

сын.1. Астарлы алжың), шақпа (сөз).

Осындай іскер, тәжірибелі басшы әрі қарапайым да екен. Карповкешымшымаәзіл айтады, онысы басшы бойына жарасымды, ақылды әзіл (Ф.Оразаев, Басты.).

2. Бет қаритын,ызғарлы (аяз).

Дәулет таңғы шымшыма аяздың кәрін енді сезе бастады, екі беті дыз-дыз еткендей де болды (М.Сүндетов, Құмда.).

 3. ауыс. Бүріліп, буылып тігілген.

Қамбаны тақырлап салып ем, мына қап шымшымаболатын, өзің тіктің ғой аузын (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз майдан.).

4. а у ы с. Дүлей күш.

Үскірігі ұрандап сықырлаған аяздың шымшыма мінезі де шыдамды әйелдердің шымбайына батып, боранның бетіне қарауға олардың жүректері шайлығып іштен тынып отыр (Қ.Құрманғалиева, Атырау ару.).