ШЫМШЫМПАЗ

lat: SHYMSHYMPAZ

сын. Шымши беретін тікенекті деген мағынада.

Дәудей деңкиген кәрі үйеңкісі, күміс қабықты қайыңы, қалайы қабықты терегі, мыс қабықты мойылы, теңселген талы, ши борбай шілігі, шымшымпаз шеңгелі, кірпі түкті тікені мен доланасы, торы тобылғысы аралас өскен тоғай теп-тегіс жасыл желек киіп, жапырақтары желбіреп, өзінен-өзі сыңғырлап күй тартқандай боп тұрады (Ә.Бірмағамбетов, Қазақ географиясының хрестоматиясы.).